Қазақстан жаңалықтары18 қыркүйек 2023, 14:20

Өзбекстан азаматын бес жыл құлдықта ұстаған

Түркістан облысында Өзбекстан азаматын бес жылдан аса уақыт құлдықта ұстаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек:
 

53 жастағы жәбірленушіні заңсыз еңбекке мәжбүрлеген екі азаматты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрықтады. Ер адамның төлқұжатын алып, 2017 жылдан бері мал бағуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші мал қорада тұрған. "Жұмыс істемеймін" деп қарсылық көрсеткенде, оны ұрып-соғып, психологиялық қысым жасаған.

Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жәбірленуші оңалтудан өту және психологиялық көмек алу үшін дағдарыс орталығына орналастырылды.

 

ҚР ІІМ Өзбекстан азаматы Түркістан облысы құлдық

Тақырыпқа жаңалықтар