Қазақстан жаңалықтары21 қараша 2023, 11:10

Павлодарда дауылға баланысты басқарма басшысы қызметінен босатылды

Павлодар облысының әкімі Энергетика және тұрғын үй-комуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановты қызметінен босатты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қарашаның 18-нен 19-на қараған түні Павлодар облысында күшті жел 83 әлеуметтік нысанның шатырып жұлып кетті.

63 көпқабатты және 80-нен астам жер үйге зақым келіп, 18 ауыл осы уақытқа дейін жарықсыз отыр.

Табиғаттың дүлей күшінің салдарымен күресу және зақым келген нысандарды қалпына келтіру үшін облыстың 9 ауданында табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Бұл туралы ресми түрде күндіз жарияланып, кешкісін әкімдікте мәжіліс өтті.

Жиналыс қорытындысы бойынша Ержан Салханов өзіне сеніп тапсырылған саланы бақылауды әлсіретіп алғаны үшін қызметінен босатылды.

Сонымен қатар өңір басшысы Асайын Байханов қала, аудан және кейбір облыстық ведомстволардың жұмысына қанағаттанбайтынын жеткізді. Соған қарамастан өзге шенеуніктер өз орындарында қалды.

Асайын Байханов монополистің жұмысын да сынады. Әкімге электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары ұнамайды. Осы себепті Асайын Байханов «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Олег Щемельді қалыптасқан жағдаймен жеке айналысуды тапсырды.

«Міне, 18 ауылдың электр қуатынсыз отырғанына үш тәулік болды. Бұл дегеніңіз олар үш тәулік бойы жарықсыз, байланыссыз отыр деген сөз, кейбірінде тіпті су да жоқ. Көптеген тұрғындар ұзақ жанатын пеш пен су соратын насостарды қолданады. Олар электр қуатынсыз жұмыс істемейді. Мен шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстарын қайта құрып, оған өзге күштерді де тартуды тапсырамын. Егер қолдарыңыздан келмесе бізден көмек сұрауларыңыз керек еді», - деді облыс әкімі «Павлодарэнерго» АҚ басшылығына қарата айтқан сөзінде.

басқарма басшысы қызметтен кетті павлодар дауыл

Тақырыпқа жаңалықтар