Қазақстан жаңалықтары17 қазан 2023, 16:11

Қайрат Боранбаев өз еркімен мемлекетке тағы 30 млрд қайтарды

Қайрат Боранбаевқа өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында өз еркімен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қайрат Боранбаевқа қатысты жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында ол өз еркімен тергеумен ынтымақтасу ниеті туралы мәлімдеді.

Боранбаевқа тиесілі компаниялар шетелден қайтарылған қаражат түрінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 млн АҚШ долларын, яғни 30 млрд теңгеден астам қаржы аударды.

Газ жеткізуде қаражат ұрлау фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеген болатын. Бұл қаражат қолданыстағы заңнамаға сәйкес білім беру саласын қолдауға, мектептер мен басқа да оқу орындарын салуға және қайта жаңартуға, сондай-ақ бүкіл республика бойынша әлеуметтік салаға бағытталады (ҚР Бюджет кодексі 52-3 бап) деп жоспарланған.

Қайрат Боранбаев Қаржы мемлекет қаржы қайтару

Тақырыпқа жаңалықтар