Қазақстан жаңалықтары29 қараша 2023, 12:45

Қария қарасорадан тағам дайындаған

Полиция Қостанай облысының 63 жасар тұрғыны қарасорадан тағам дайындағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ таратқан дерекке қарағанда, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын-алу шарасы барысында полицейлер қарияның үйінен арақ қорабынан салмағы 500 грамнан асатын өсімдік тектес заттың ұнтағын тапты.

"Ер адам шөптен денсаулыққа "пайдалы" ботқа пісіретінін айтқан. Полицейлер затты сараптамаға жіберді.

ҚР ҚК 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп жазды полициядан.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 480 келіден астам түрлі есірткі заттарын тәркіледі.

Қостанай Қарасора тамақ

Тақырыпқа жаңалықтар