Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2024, 6:55

Қазақстан мен Түркияда Жошы хан туралы деректі-драмалық телехикая түсіріледі

Қазақстан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның өміріне арналған алты бөлімнен тұратын ағылшын тіліндегі гибридті деректі драманы түсіруді бастады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сериал Жошы ханның өмір тарихы призмасы арқылы Алтын Орда империясының даму кезеңдерін көрсетеді.

Деректі-драмалық телехикаяның продюсері креативті директоры Эмре Шахин жетекшілік ететін «Karga Seven Pictures» компаниясы. Түсірілім 2024 жылдың күзінде Қазақстан мен Түркияда басталады деп жоспарланып отыр.

«Жошы ханның өмір тарихы керемет эпикалық, ол дүние жүзіндегі көрермендерді қызықтырары сөзсіз. Осы ауқымды тарихи жобаны жүзеге асыруда «Dara» қорымен бірлесіп, жұмыс істеу біз үшін үлкен мәртебе», дейді креативті директоры Эмре Шахин.

Еске сала кетейік, биыл Жошы Ұлысының құрылғанына 800 жыл толады.

«Осы атаулы күнге арналған тарихи деректі жоба мемлекеттігіміздің сан ғасырлық тамырын көрсетеді.

Жаппай аудиторияға арналған деректі-драма ұлттық тарихты кеңінен насихаттауға, қазақ халқының ұлы тарихын тануға, халықаралық аудиторияның Қазақстанға деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді», деп атап өтті Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі.

 

Қазақстан мен Түркия Жошы хан деректі-драмалық телехикая

Тақырыпқа жаңалықтар