Қазақстанда «әдемі» VIP автонөмірлерге сұраныс артқан
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы биыл автокөліктерге арналған VIP нөмірлердің бағасы туралы айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Egemen.kz жазады.
"Азаматтарға арналған үкімет" Қазақстанда «VIP» нөмірлерді сату тәжірибесін 2014 жылы енгізген. Оларды сатудан түскен кіріс республикалық бюджетке түседі.
2023 жылы ең жылдам сатылған нөмірлер: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК, яғни 210 444 теңгені құрайды (2024 жыл).
Бұл ретте VIP желісіндегі ең қымбат нөмірлер қатарына 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары кірді. Мұндай нөмірлер 285 АЕК, яғни 1 052 220 теңге тұрады.
Сонымен қатар Қазақстанда «әдемі» нөмірлерге сұраныс артқан.
2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 30 мыңға жуық жоғары ең ұранысқа ие нөмірлерді көлік иелеріне берген. Меншік иелері олар үшін 10 миллиард теңгеден астам ақша төлеген.
Ал 2022 жылы ел азаматтары VIP нөмірлерге жалпы 7 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған.
Өткен жылы Қазақстан бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізушіге куәлік берілді.