Қазақстанда соңғы қоңырау күні ауыса ма
Оқу-ағарту министрі 2024-2025 оқу жылында соңғы қоңырау қашан болатынын айтты. Назарбаев Университеті базасында өткен мұғалімдердің республикалық тамыз саммиті аясында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа «Соңғы қоңырау 25 мамырдан 1 маусымға ауыстырыла ма?» деген сұрақ қойылды. Журналистің сұрағына жауап бере отырып министр соңғы қоңырау басқа күнге ауыстырылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Жоқ ауыстырылмайды. Бұйрық шығып үлгерді және ол жерден барлық демалыс күндерін көре аласыздар, сондай-ақ оқу жылының аяқталу уақыты да өзгеріссіз қалды», деп жауап берді министр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: