Placeholder
Фото: Джакишева Ралина/Kazinform
/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары9 қыркүйек 2024, 20:29

Қазақстандық екі спортшы көшпенділер ойынында қола жүлде жеңіп алды

Қазақстан мас-рестлингтен ұлттық құрамасы спортшылары Бірімжан Асылмұрат және Тахмина Қожамбердиева V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қола жүлдесін қанжығалады. Алау спорт кешенінде өтіп жатқан бәсекеде, Бірімжан Асылмұрат (65 келі) монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен қола жүлдеге таласып, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ал әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде отандасымыз Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен жарысқа 31 мемлекеттен 98 спортшы қатысып жатыр. Аталған спорт түріне Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 8 спортшы сынға түседі. 

 

 

көшпенділер ойыны мас-рестлинг қола

Тақырыпқа жаңалықтар