Қазақстан жаңалықтары20 қазан 2023, 14:37

Қазақстандықтар 18 трлн теңгеге несие алған

Тұтыну несиесін беру сегментінде кейінгі үш жылда өсім байқалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжілісте  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова осылаай деп айтты.

«Жеке адамдардың несиелерінің жалпы көлемі 18 трлн теңгені, ал қарыз алушылардың саны 8 миллионнан астам адамға жетті. Тұтыну несиесін беру сегментінде кейінгі үш жылда өсім байқалды», – деді М. Әбілқасымова.

Ұлттық банктің дерегіне сәйкес 2021 жылдан бастап кепілсіз тұтыну несиелерінің орташа жылдық өсімі 33 пайызды құрады. Биылғы 8 айда тұтыну несиелерінің портфелі 9,2 трлн теңгеден асқан. 

«Екінші деңгейлі банктердің проблемалы қарыздарының деңгейі 5,2 пайызға жетті немесе 0,5 трлн теңгеден асты. Ал мерзімі өткен кредиті бар қарыз алушылар саны 516 мың адамға жетті, яғни қарыз алғандардың жалпы санының 7 пайызын құрады».

Қазақстандықтар Несие кредит Статистика

Тақырыпқа жаңалықтар