Placeholder
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі
Qonaev Äkimdik
Қазақстан жаңалықтары29 шілде 2024, 17:34

Қонаевтағы автовокзал жекеменшікке өтіп кеткен

Қонаев қаласындағы жалғыз автобекет ғимараты бірнеше жыл бұрын жекеменшікке өтіп кеткен. Қазір бұл нысанда вокзалдан бөлек, мемлекеттік мекемелер де орналасқан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов автобекетті аралау барысында тиісті мамандарға ғимараттың қалайша жеке меншікке өтіп кеткенін және оның қаншалықты нысаналы мақсатта пайдаланып жатқанын тексеруді тапсырды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сондай-ақ әкімнің жұмыс сапары кезінде вокзал аумағындағы нашар жағдайға да назар аударылды. Жалпы автовокзал аумағында қоқыс жәшіктері толып, жақын маңдағы «Алматы-Қонаев» пойызы қатынайтын стансадағы аялдамалардың әйнегі сынған. Асхат Бердіханов абаттандыру ережесін бұзған азаматтарды тез анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.

Бұған дейін Қонаев қаласының тұрғындары автовокзалдың жазу алынып тасталғанына және жолаушыларға жағдай жасалмағанына шағымданған болатын.

Қонаев автовокзал жекеменшік

Тақырыпқа жаңалықтар