Қазақстан жаңалықтары17 маусым 2024, 15:51

Құрбан айт: Алғашқы тәулікте қанша мал шалынғаны белгілі болды

Құрбан айттың бірінші тәулігінде 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынған екен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі 16 маусымда ел бойынша 20 236 мал шалынғанын, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілгенін мәлім етті.

Шалынған мал саны:

 

  • қой – 17 327;
  • ешкі – 1 597;
  • ірі қара – 1 307;
  • түйе – 5.

 

Құрбандық еті 62 561 отбасыға және 136 мекемеге таратылған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғам алдындағы негізгі қызметінің бірі – қайырымдылық шараларын ұйымдастыру. ҚМДБ көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында биыл да құрбан шалуды офлайн және www.qurban2024.kz сайты арқылы онлайн жүзеге асырып отыр», делінген ҚМДБ хабарламасында.

Құрбан айт 20 мыңн Құрбандық

Тақырыпқа жаңалықтар