Қазақстан жаңалықтары14 мамыр 2024, 9:00

Қызылордада халықаралық іздеуге жүрген күдікті қолға түсті

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер қолға түсті. Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Аталған шара барысында Қызылорда қаласының халықаралық іздеуде жүрген 44 жастағы тұрғыны қолға түсті, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ол екі жылдан бері тергеуден бой тасалап жүрген болатын. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Қызылорда халықаралық іздеу Күдікті ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар