Қазақстан жаңалықтары17 мамыр 2024, 14:00

Сарайшық ауылы маңындағы зиратқа тасқын су кірді

Атырау облысында Сарайшық ауылы маңындағы зират аумағына тасқын су кірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облысы жедел штабының мәліметінше, қазір зират аумағында қосымша бөгет салынып жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Зират Сарайшық ауылынан 2 шақырымға жуық қашықта орналасқан.

Бұрын зираттың сыртынан бөгет соғылған.

Алайда, тасқын су сол бөгеттен өтіп, зират аумағына жайылған.

«Қазір зират қоршауының ішкі жағынан қосымша бөгет салу қолға алынды. Бұл жұмысқа Сарайшық ауылының 30-ға жуық тұрғыны, әскери бөлімнің 20 сарбазы жұмылды. Топырақ тасу, бөгетті биіктету секілді жұмысқа 14 КамАЗ, 3 Shacman, 1 Hidromek техникасы тартылды» деп хабарлады облыстық жедел штабтан. 

Сарайшық Зират су кірді

Тақырыпқа жаңалықтар