Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өлімі: Оқиғаға кәмелетке толмаған жерлесінің қатысы болуы мүмкін
Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция ақиқатты анықтауға және заңды шешім қабылдауға бар күшін салады», - делінген Түркістан облысының полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.