Қазақстан жаңалықтары21 мамыр 2024, 10:12

Семейде сүйіктісін өлтірген күдіктінің ісі сотқа өтті

Семейде көлік таптап кеткен келіншек қайтыс болды. 33 жастағы келіншекті қасақана көлікпен таптап кеткен. Алған жарақатынан ол ауруханада жатып өлді, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Аталған факті бойынша Әуезов полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдікті анықталып, ұсталды. Оның кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сот-медициналық сараптамалармен дәлелденді. Қазіргі уақытта күдікті сотқа берілген, — Абай облысы полиция департаменті баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, марқұм әйелді көлікпен таптаған — оның кездесіп жүрген жігіті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от МОЙ СЕМЕЙ (@mysemey)

семей сүйіктісін өлтірген сот

Тақырыпқа жаңалықтар