Placeholder
ФОТО: t.me/kozachkow
t.me/kozachkow
Қазақстан жаңалықтары17 қыркүйек 2024, 15:00

Сметовке, Қызайбайға, ағайынды Оралбайларға кәсіпкерлер тағы көлік мінгізді

Париж Олимпиадасына қатысып, медаль алған спортшыларға кәсіпкерлер - Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау қымбат көлік мінгізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік мінгендер арасында дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, бокстан күміс медаль иеленген Нұрбек Оралбай, қола жүлдегер Назым Қызайбай және жүлдесіз қалған Айбек Оралбай бар.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Кәсіпкер Сырымбек Тау өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында берілген көліктерді көрсетті.

Нақтырақ айтқанда, Елдос Сметовке - Mercedes-Benz GLE, ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайлардың әрқайсысына Toyota Pradо мінгізген.

Ал Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөлігі сыйға берілді.

чемпиондар сыйлық көлік мінгізді Кәсіпкерлер

Тақырыпқа жаңалықтар