Қазақстан жаңалықтары15 қаңтар 2024, 16:00

Студенттер білім беру кредитін қалай ала алады

Студенттер білім беру кредитін қалай ала алады? Жаңа ереже жобасы шықты. Несие 10 жылға беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы TengeLife телеграм-арнасы жазады.

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге арналған несиенің жаңа тәртібін әзірлеп, қоғам талқысына ұсынған. Оған сәйкес, кредит ұлттық валютамен 10 жылға беріледі.

Бұл несиенің бұған дейін «Қаржы орталығы» АҚ жүйесімен екінші деңгейлі банктер арқылы беріліп келген несиеден бірқатар айырмашылығы бар.

Кредит студенттердің бәріне бірдей берілмейді. Оны алу үшін мына талаптарға сәйкес болу қажет:

Қазақстан аумағындағы ЖОО немесе ЖОО-дан кейінгі оқу орнының студенті болу;

Тұрақты табысы бар, еңбекке қабілетті ҚР бір азаматының кепіл болуы (егер студент жетім, немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған болса, бұл талап міндетті емес);

Оқу құнының кемінде 10 пайызы мөлшерінде жинағы барын растайтын білім беру жинағы сақтандыру шартының болуы.

Несие 10 жыл мерзімге берілгенімен, оны төлеу ЖОО бітірген соң емес, оқу кезінде, яғни несие берілген уақыттан кейінгі айдан басталады. Егер студент академиялық демалыс алса, несиені төлеу уақыты шегеріледі.

Несие беру 100 пайыз мемлекеттік ұйым арқылы жүзеге асады. Алайда, жобада бұл ұйымның атауы нақтыланбаған.

студенттер Білім беру кредит

Тақырыпқа жаңалықтар