Шымкент тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды
Шымкенттегі «KMG Supple Company» ЖШС аумағында болған өрттен кейін тұрғындар жағымсыз иістің шыққаныны айтып шағымданды. Тұрғындардың тыныс алуы қиындап, бастары аурғаны туралы жергілікті ақпарат құралдары жазды. «Қорқынышты, 11-шағын ауданнан жағымсыз иіс шыға бастады, дем алу мүмкін емес», - дейді шымкенттіктер. Олар Төтенше жағдайлар департаментінің апатты жағдайға байланысты алдын ала ескерту жасамағынына наразы, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Құтқару қызметі ешқандай хабар берген жоқ, дабыл қағарлық оқиға кезінде неге үн-түнсіз отыр», - дейді қала тұрғындары, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан осы уақытқа дейін ауа құрамына қатысты нақты бір жауап берілген жоқ.
«Зертхана мамандары ауаны тексеруге шықты», - деп жауап берді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкенттегі алапат өрт сөндіріліп, 10 адам медициналық көмекке жүгінгенін жазған едік.Шымкент тұрғындары жағымсыз иіске шағымданды.