Placeholder ШЫҰ саммиті: Астанаға Александр Лукашенко келді
Фото: Беларусь Республикасы Президентінің баспасөз қызметі
Александр Лукашенко
Қазақстан жаңалықтары3 шілде 2024, 22:18

ШЫҰ саммиті: Астанаға Александр Лукашенко келді

Беларусь президенті Александр Лукашенко Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Саммит аясында Александр Лукашенко шетелдік әріптестерімен бірқатар кездесулер мен келіссөздер өткізеді деп күтілуде. Алдағы саммитте Беларусь үшін басты мәселе – елді ШЫҰ-ға мүшелікке қабылдау рәсімін аяқтау. Александр Лукашенко саммитте сөйлейтін сөзінде ұйым жұмысындағы ең маңызды салаларға және Беларусьтің ортақ мәселелерді шешуге қосқан үлесіне тоқталады деп жоспарлануда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Беларусь ШЫҰ-ға 2010 жылдан бастап диалог бойынша серіктес, 2015 жылдан бастап бақылаушы ретінде қатысып келеді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Самарқандта 2022 жылғы 16 қыркүйектегі Мемлекет басшылары кеңесінің қорытындысы бойынша ұйымға кіру рәсімін бастау туралы шешімге қол қойылды. Осы процестің аясында Беларусь 40-тан астам шартқа қосылды.

Александр Лукашенко ШЫҰ саммиті Астана

Тақырыпқа жаңалықтар