Қазақстан жаңалықтары26 қараша 2023, 13:00

Талдықорғанда мас күйде көлік айдаған қыз тергеуге алынды

Талдықорғанда мас күйде көлік айдаған қыз тергеуге алынды, - деп хабарлайды Arbat.media

Жақында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Талдықорған қаласының 24 жастағы тұрғыны сотқа жүктілігі туралы жалған медициналық анықтаманы ұсынды. Бойжеткен әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан заңнамасында көзделген жазадан құтылмақшы болған. Жалған құжатты пайдалану арқылы сотты алдау фактісі прокурорлық тексеріс барысында анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, патрульдік полиция қызметкерлері қатты мас күйінде Haval көлігін басқарған 24 жастағы қызды ұстаған. Медициналық сараптама қыздың мас болғанын растады.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша хаттама толтырылды.

Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қарастырылған. 

Талдықорған мас күйде көлік айдаған бойжеткен

Тақырыпқа жаңалықтар