Қазақстан жаңалықтары6 шілде 2024, 22:25

Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа қамауға алынды

Белгілі қазақстандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа тәртіп сақшысының заңды талаптарына бағынбағаны үшін Алматы облыстық сотының шешімімен 10 тәулікке қамауға алынды. Алматы облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, 6 шілдеде тәртіп сақшылары Toyota Camry автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Автокөлікті айыппұл тұрағына жеткізген кезде KIA Сarnival автокөлігі келді, оның жолаушысы азамат М. (Әбдіжаппар Әлқожа) полиция қызметкерлеріне қысым көрсетіп, құқық бұзушының рәсімделуіне кедергі жасай бастады. Заңсыз әрекеттердің жолын кесу кезінде құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне белсенді түрде қарсылық көрсетті. Ер адам медициналық куәландыруға жеткізіліп, оның «орташа» дәрежелі мас күйі расталды», - деп хабарлады ведомстводан.

Нәтижесінде көлiк құралын басқару құқығынан айырылып көлiкті басқарғаны үшін Toyota Camry жүргізушісі 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ сот шешімімен KIA Carnival жолаушысы Әбдібек Бейбарыс құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін ол да 10 тәулікке қамалды.

Әбдіжаппар Әлқожа қамауға алынды

Тақырыпқа жаңалықтар