Түркістандағы жаңа саябаққа әнші Димаш жолдаған ағаш отырғызылды
Түркістанда жаңа саябақ ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Елімізде алғаш рет «ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің» саябағы ашылды. Мұндағы басты ерекшелік - 30 жерде QR кодтар орналастырылған. Азаматтар бұл кодтарды сканерлеу арқылы елімізде қаржылық пирамида ретінде танылған ұйымдардың толық тізімін көре алады.
Саябақтың сәнін келтіретін 100-ден астам ағаш көшеттерін отырғызу рәсімі өтті. Ондағы ағаштарды еліміздің 20 облыс-қалаларындағы экономикалық тергеп-тексеру департаменттері жолдаған.
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеновтің де арнайы жолдаған ағаш көшеті егілді.
Түркістан облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен жүзеге асқан жоба әзірге тек Түркістан қаласында ғана бар.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: