Placeholder
Фото: pixabay.com
pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары29 тамыз 2024, 23:43

ҰБТ-да ең жоғары балл жинаған түлектерге қосымша гранттар тағайындалды

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-да ең жоғары балл жинап, грант иелене алмаған түлектерге қосымша білім беру гранттарын тағайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді», делінген министрлік хабарламасында.

Төмендегі тізімде қосымша бөлінген барлық грант иегерлері оқуға түскен жоғары оқу орындарына барып құжат тапсыруы керек.

Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

қосымша грант ҰБТ Білім беру жоғары балл

Тақырыпқа жаңалықтар