ХҚКО: Теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың жаңа ережелері енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Емтихан қабылдаудағы ұйымдастырушылық-технологиялық процестерді мемлекеттік корпорация жүзеге асырады. Бұған дейін онымен аутсорсинг компаниялары айналысқан.
Жаңашылдық мамандандырылған ХҚО-да клиенттердің сапасыз қызмет көрсету туралы шағымдарының жиі түсуімен байланысты, дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы филиалы.
«Келеңсіздіктерді жою үшін мемлекеттік корпорация тестілеу үдерісін дербес ұйымдастыруға шешім қабылдады. Тестілеудің сапасы ғана емес, қауіпсіздігі де артады. Бұл ретте, бұрын теориялық тестілеу жол қозғалысы ережелері 2.0 жүйесі арқылы жүргізіледі. 16 қазаннан бастап мемлекеттік корпорация жол қозғалысы ережесінің жаңа 3.0 жүйесіне көшті. Оның арқасында жүргізуші куәлігін алу процесі ашық әрі әділ өтуде».
Теориялық емтиханды тапсыру кезінде тестілеу барысы аудиоға жазылып, видеоға түсіріледі.