Placeholder
Фото: olympic.kz
olympic.kz
Қазақстан жаңалықтары30 шілде 2024, 3:13

XXXIII Олимпиада: Мұхаммедсабыр ширек финалға шықты

Париж Олимпиадасында 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатқан боксшымыз Мұхаммедсабыр Базарбайұлы екінші кездесуінде де жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. 1/8 финалда жерлесіміз 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері тайбэйлік Лай Чжуэнмен жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алғашқы раунда нәтиже шамалас болып, 3:2-мен Мұхаммедсабыр басым түсті. Екінші раундта да дәл осы нәтижемен қазақстандық боксшы алда болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Шешуші үшінші раунда екі боксшы да барын салды, алайда төрешілер басымдықты біздің спортшыға берді.

Айта кетейік, Олимпиададағы алғашқы жекпе-жегінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испаниялық Ойер Ибареччені жарыс жолынан тайдырған еді.

XXXIII Олимпиада Мұхаммедсабыр Базарбайұлы ширек финал

Тақырыпқа жаңалықтар