Қазақстан жаңалықтары27 маусым 2024, 16:01

Жәнібектің ата-анасын полиция іздеп жатыр - ІІМ

Полиция Бельгия азаматы асырап алған 22 жастағы Жәнібек Жұмағұловтың (Джани) ата-анасын іздеп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты. Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдері одан анасын іздеген еуропалық Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық істің қозғалған не қозғалмағанын сұраған еді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қылмыстық іс қозғалды. Оның (Жәнібектің) қашан және қандай себепке байланысты шетелге кеткені анықталып жатыр. Әке-шешесін полиция іздеуде. Қазір сіздерге Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын», - деді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.

Бельгиялық Жәнібек Жұмағұловтың туған анасын табуға қатысты еліміздің Бас прокуратурасына өтініш жіберген, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазақстанға келген кезде ол Астанадағы балалар үйіне барған болатын.

 

Жәнібек Ата-ана Іздеу Жәнібек Жұмағұлов

Тақырыпқа жаңалықтар