Қазақстан жаңалықтары26 шілде 2024, 17:34

Жоғалған кейуана екі тәуліктен соң аман табылды

Ақмола облысында екі тәулік бұрын жоғалып кеткен есте сақтау қабілеті нашар кейуана аман табылды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Финченко Любовь Ивановнаның жоғалғандығы туралы Целиноград аудандық полиция бөліміне шілденің 23-де кешкі 20:25 шамасында қызы хабарлап айтқан. Жоғалған адамды іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бағдарланды, іздеу тобы орман алқаптары мен бос жерлерді, қараусыз қалған ғимараттар мен саяжайлардың аумағын тексерді. Сонымен бірге, дрон арқылы әуеден бақыланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Шілденің 25-де сағат 16:00 шамасында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері, зейнеткерді Астана маңындағы өндірістік базаның аумағынан тапты. Кейуана онда қалай жеткенін өзі білмейді. Тонғанда құмда жылынған. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Тәртіп сақшылары қарияны Есіл аудандық ауруханасына жеткізді, онда оған медициналық көмек көрсетіледі», - деді ведомстводан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Ақмола облысы жоғалған кейуана табылды Финченко Любовь

Тақырыпқа жаңалықтар