Placeholder
Фото: el.kz
el.kz
Қазақстан жаңалықтары27 қыркүйек 2024, 18:00

Жоғарғы сот мектепте орамал тағуды заңды деп танығаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп таныды деген жалған ақпарат тарап жүр. Істі қарау аясында Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныған, өйткені білім алу құқығы Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі конституциялық құқықтарының бірі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

«Сондай-ақ ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты екенін атап өтеміз. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар.

Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған.

 

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу жоққа шығарды

Тақырыпқа жаңалықтар