дүйсенбі, 16 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 3)
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының м. а. Самат Төлегенов Моңғолия ветеринария бас басқармасының өкілдері Батсух Басаан және Дэлгэрмаа Басаанмен кездесті. Кездесуде ветеринария саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері, соның ішінде Қазақстаннан Моңғолияға асыл тұқымды қойларды экспорттау мәселесі талқыланды. Осы жылдың тамыз айында екі елдің ведомстволары экспорталатын тауарлық және асыл тұқымды қойлар мен ешкілерге арналған ветеринариялық сертификатты келіскен болатын.
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
"Сыйақы береміз". Павлодарда екі апта бұрын жоғалған жігіт табылмай жатыр. Ақпарат Александр Фоминді тауып алуға септігін тигізуі тиіс. VITA еріктілер ұйымының мәліметінше, хабар-ошарсыз кеткен адамның туыстары ақпарат үшін сыйақы ұсынатын сәттер жиі болады. "Мұндай жағдайда ұшты-күйлі жоғалған адамды, тіпті, әрбір бұрыштан көретін кездер тіркелген. Бәлкім, 26 жастағы Александр Фоминді жоғалатын күннің алдында көрген адамдар бар шығар. Іздеу шараларына көмегін тигізетін қандай да бір ақпарат болса, хабарласуды сұраймыз", — дейді еріктілер. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Танымал брендтердің сапасыз көшірмесі! Алматыда базар мен сауда орталықтарынан тәркіленген контрафакт тауарлар жойылды. Оның арасында теледидар, салқындатқыш, косметика мен қорап-қорап ойыншық бар. Оны түпнұсқасынан ажырату оңай емес. Дегенмен бағасы арзан көшірме тауарлардың сапасы сын көтермейді әрі тұтынушыға төнетін қауіп көп дейді мамандар. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Қазір баспалар да, балама оқулықтар да самсап тұр. Солардың арасынан оқытуға оңай, көңілге қонымдысын таңдау ұстаздарға қиындық тудырып отыр. Сондықтан тәуелсіз сарапшылар отандық оқулықтардың мазмұнын қарауға кіріскен. Сарапшының сөзінше, «іздегенге табылған» дегендей, әлеуметтік желілердің бірінен Алматы қаласында бастауыш және мектепке дейінгі білім беретін мемлекеттік және жекеменшік нысандардың басшылары мен әдіскерлеріне арналған «Білім берудегі оқу-әдістемелік кешендерге енген жаңа өзгерістер мен толықтырулармен таныстыру» іс-шарасының жоспарланғаны жөніндегі хабарлама көзге түскен. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
«Менің атым Қожа» фильмінде Жанар есімді кейіпкерді сомдаған танымал актриса Күләш Қажығалиева өмірден өтті. Қайғылы хабарды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры таратты. «ҚР Еңбек сіңірген артисі, Ерен еңбегі үшін және «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театрымыздың артисі Қажығалиева Күләш Сопқанқызы өмірден өтті. Өнердің аңыз, театрымыздың абыз анасынан айырылу орны толмас үлкен қайғы. Отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада.
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Ирак Республикасының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джабер Нажма Адбуллах Әл-Темимимен кездесті. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі мәлім етті. Вице-министрдің мәліметінше, 2023 жылы ҚР мен Ирак арасындағы АӨК өнімдерінің тауар айналымы 1 млн долларды, 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 672 мың долларды құраған. Ал, ҚР-дан Иракқа экспорт 2024 жылғы қаңтар-шілдеде 640 мың доллардан асқан. Негізінен Иракқа пияз, күріш, ұн, ірі қара және ұсақ мал майы экспортталады.