бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Түркістан облысына тұмау мен ЖРВИ-ға қарсы 271 348 дана «Гриппол+» екпесі жеткізілді. Жалпы өңір тұрғындарының 12,9 пайызына екпе егу жоспарланып отыр. Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері 150 227 тұрғын жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жұқтырған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, науқастанушылардың 43,6 пайызға өскенін көреміз. Сондықтан да ЖРВИ-ға қарсы иммундау науқаны биыл 1 қыркүйектен, ал тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталып отыр. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына құжаттар қабылдау басталды. Конкурсқа 35 жасқа дейінгі, мәдениет, ғылым, медиа және спортта жетістіктері бар қазақстандықтар қатыса алады. Олар – халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер.«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында ұсынылады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Ертіс орманы» табиғи резерватында 2029 жылға дейін ағаштың барлық түрін кесуге тыйым салынды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің арнайы бұйрығы шықты. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 10 қыркүйектегі 27-03/249-НҚ бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынды.
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Greenhouse-Qaztomat ЖШС жылыжай кешенінен қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) анықталды. Вирус табылған қызанақ партиясы толығымен жойылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық фитосанитариялық диагностика және болжау әдістемелік орталығы жариялаған зерттеу қорытындысы бойынша қызанақ жемістерінің вирусы (Tomato brown rugosefruit virus) карантиндік объектіде тіркелген. Қауіпті вирус жылыжайдың шамамен 7,5 гектар алаңына тарап үлгерген.