дүйсенбі, 16 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 50)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ұлттық қауіпсіздік комитеті күштік құрылымдар атынан азаматтарға жүгінетін алаяқтық әрекеттер жиілеп кеткенін айтты. Алаяқтар қоңырау шалып немесе қаржылық және басқа да операцияларды жүргізу туралы өтініштері бар мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте азаматтарға олардың атына қылмыстық мақсатта пайдаланылған ақшалай несие ресімделгені, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жайлы қорқыту хабарлама келеді. ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдары жиі жіберіледі. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Тарихи дүниені Ақмола облысы Сандықтау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орман» профилактикалық іс-шарасы кезінде тапты. Құтқарушылар орманда адамның бейнесі қашалған ерекше тас тапқан. Олар бірден табылған зат туралы Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен тарихи-өлкетану мұражайына хабарлаған. Бұдан соң бұл артефактіге астаналық ғалымдардан бөлек шетелдік ғалымдардың да қызығушылық тудырғаны белгілі болды.   
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында ауасы ластанған елді мекендерді атады. «Қазгидромет» РМК мамандары 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында мониторинг жүргізілген 70 елді мекеннің бесеуінде атмосфералық ауаның өте жоғары ластану деңгейі, 21-інде жоғары ластану деңгейі, 28-інде көтеріңкі ластану деңгейі, 16-сында төмен ластану деңгейі тіркелгенін айтады.