дүйсенбі, 16 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 2)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағында «тікұшақ» аттракционы құлады. Нәтижесінде әйел мен бала зардап шекті.  «Қарағанды қаласының орталық саябағында „тікұшақ“ аттракционының құлауы орын алды. Бір әйел мен бала зардап шекті. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Аттракцион жеке меншікте. Меншік иесінде барлық пайдалану құжаттары бар. Маусым басталар алдында аттракцион сараптамадан өтті», - деп таратты Қарағанды қаласының Саябақтар басқармасы. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Жетісу университетінің ғалымы Қанат Ермекбаев Орталық Азия мемлекеттерінде шығарылған бидайдың генетикалық кодын анықтап, жылдам селекциялау жолдарын зерттеп жатыр. Ол ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінен 2024-2026 жылдары қаржыландырылатын «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу» тақырыбында грант иеленді.Жас ғалым осы жоба аясында Орталық Азия бидайының толық геномдық генетикалық (Whole Genome Sequencing) мағлұматтарын алып, зерттей бастады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі су тасқынынан зардап шеккен барлық тұрғындарды жаңа және жөндеуден өткен баспанаға орналастырды. Солтүстік Қазақстанда барлығы 1394 үй сатып алынып, 1899 баспана күрделі жөндеуден өтті. Петропавлда 700 үй салынып, жаңа «Бірлік» шағынауданы құрылды. Мұнда тағы 173 үйдің құрылысы аяқталды. Кілттерді салтанатты түрде тапсыру рәсіміне Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысты. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Мегаполис тұрғындары дәстүр бойынша қыркүйектің үшінші жексенбісінде Қала күнін атап өтіп жатыр. Алматының әр жерінде мерекелік іс-шаралар – концерттер, көрмелер, флешмобтар, фестивальдер және басқа да көптеген шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шаралар Абай алаңында өткен «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты отбасылық фестивальден басталып, қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Мәскеуде Каспий аймағы елдерінің ақпарат агенттіктері өкілдерінің кездесуі өтті. Отырысқа ӘЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігінің (Әзірбайжан Республикасы), ИРНА ақпарат агенттігінің (Иран Ислам Республикасы), Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешенінің, ТАСС ақпарат агенттігінің (Ресей Федерациясы) және ТДХ ақпарат агенттігінің (Түрікменстан) өкілдері қатысты. Қатысушылар Каспий маңының жетекші БАҚ-тары арасындағы көпжақты ақпараттық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын түсіне отырып, Ақпарат агенттіктерінің Каспий альянсын құрудың орындылығы туралы қорытындыға келді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Аймақ басшысы Марат Ахметжановпен бірге вице-премьер Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бүгінгі таңда Журавлевка ауылында 42 үй, Иванковка ауылында 41 пәтерге арналған бір қабатты үйлер және Вознесенка ауылында 16 үй салынуда. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қызылорда облысында әлеуметтік желі арқылы сегіз адамды бопсалаған күдікті сотталды. Жаңақорған аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігінің 3-тармағымен қылмыстық іс қаралды. Сотталушы 2022 жылдан бастап әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы 8 жәбірленушіut абыройына нұқсан келетін мәліметтерді таратамын деп қорқытқан. Салдарынан бірнеше рет бөтеннің мүлкін қорқытып талап етіп, қорқытып алушылық жолымен 1 950 000 теңгені жеке бас пайдасына жаратқан.