дүйсенбі, 16 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 4)
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты заңсыз сегіз зерттеу жүргізілді. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев азаматтарға үндеу жариялады. ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өміралиев АЭС құрылысы бойынша алдағы республикалық референдумға қатысты заңсыз сегіз сауалнаманың анықталғанын хабарлады. Алты жағдайда сауалнаманы азаматтар, екеуінде Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар етпеген заңды тұлғалар жүргізген. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Сенаттың жалпы отырысында «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды. «Осы Келісім мемлекеттердің аумақтары арасында өткізілетін тауарлар мен көлік бойынша мәліметтерді электрондық алмасу арқылы кедендік бақылауды жүргізудің тиімділігін арттыру және мерзімдерін қысқарту мақсатында жасалды. Құжат аясында «жеңілдетілген кеден дәлізі» және «сауда операторлары» сияқты ұғымдар енгізіледі», - деді сенатор Бекбол Орынбасаров. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Қазақстан мен Ресей құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шара нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды. Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
«СОЦИС-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» Жеке қоры КӘЗИ ҚҚ 11-12 қыркүйек аралығында халық арасында телефон арқылы сауалнама жүргізді. Аталған сауалнама ҚР заңнамалық нормаларын сақтай отырып жүргізілгені, атап айтқанда, референдум өткізу мерзіміне қарсы қоғамдық пікір өлшемін жүргізу туралы ҚР ОСК хабардар етіліп, оған ҚР ОСК-сы 11.09.2024 ж. №ЗТ- 2024-05252908 хатпен жауап бергені атап өтілген. 
Қазақстан жаңалықтары
Заира Сабитова
Заира Сабитова
Placeholder
Еліміздегі алғашқы әрі ең ұзын автокөлік тоннелі пайдалануға берілді. Бұл құрылыс – еліміздегі автомобиль жолдары саласындағы бірегей жоба. Түркістан облысы, Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы – 840 метр. Ені – 11 метр, биіктігі – 8 метр. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіне пайдалануға берілді,.