сейсенбі, 17 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 49)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Мәдениет және ақпарат министрлігі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына шығармаларды қабылдау жалғасады деп хабарлайды. Ұлттық әдеби сыйлық отандық қаламгерлерді мемлекеттік қолдау және қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында үшінші рет өткізіледі. Ұлттық сыйлыққа «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма», «Үздік балалар әдебиеті», «Үздік әдеби сын», «Үздік комикс» номинациялары бойынша бұрын жарияланбаған туындылар қабылданады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Гүлмира Сатыбалды ісінде жәбірленушіні сот залынан шығарып жіберді. «18 шілде күні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі барысында жәбірленуші куәгер Родионов пен сотталушы Батыршаевпен сөзге келіп, тәртіп бұзғаны үшін сот залынан шығарылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 346-бабына сәйкес, сот отырысында тәртіп бұзылып, төрағалық етушінің өкіміне бағынбаған жағдайда, судья ол адамды сот залынан шығарып жіберуге құқылы», - деді судья Мәртпек Кәкімжанов. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Еуразиялық даму банкі Қазақстандағы цифрлық қызметтердің даму қарқынын саралап көрді. ЕАЭО-ның басқа елдеріне қарағанда біздегі интернет халықтың көп бөлігіне қолжетімді екені анықталып отыр. Есепке сәйкес, Қазақстанда азаматтардың 90,9 пайызы бірден интернетке қол жеткізе алады. Ресейде бұл көрсеткіш небәрі 88,2%-ды, ал Беларусьте – 86,9%-ды құраған. Түркіменстандағы көрсеткіш 38,2%-ға тең. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстанда етті ірі қара мал тұқымдары арасында Ұлттық конкурстың жеңімпазы анықталды және оған жарыстың бас жүлдесі – жаңа трактор тарту етілді. Малшылар арасындағы конкурс «Jańa Dala / Green Day ‘2024» Дала күні аясында өтті. Халықаралық қазылар алқасының шешімімен «Jańa Dala / Green Day ‘2024» «Ең күшті бұқа» номинациясында Qazaq Аqbas қазақтың ақбас тұқымының республикалық тұқымын көпшілікке ұсынған Абай облысындағы «Дәурен» шаруа қожалығының Шомбал атты бұқасы жүлде иегері болды. Шомбалдың салмағы 598 кг, туған кездегі салмағы 26 кг болған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Астана-Баян-Өлгий бағытында келе жатып өртенген автобуста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай Республикасы бойынша бас басқармасының мәліметінше, өртенген автобустың барлық жолаушысы Қазақстан азаматтары болған. Олар кеше Ресей-Моңғолия шекарасын кесіп өтіп, көлік компаниясы берген қосымша автобуспен Баян-Өлгийге сапарын жалғастырды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды. «Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сондай-ақ, тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді», — делінген хабарламада.Нұра ауылының зейнеткер тұрғындары Нұрабек Бекназаров және Қымбат Баймұратова аудан орталығынан баспаналы болды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Оқу-ағарту министрлігі өңірлерде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмектесетін бағдарлама енгізіле бастағанын хабарлады. Бағдарламаның мақсаты − зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға кешенді көмек көрсету. Бағдарлама балалардың эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарларды еңсеру.