ӘлемБүгін, 17:44

8 адам жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

8 адам жантүршігерлік жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бразилияның оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында әуе шарының апатқа ұшырауы салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты.

Штат губернаторы Джорджиньо Меллоның мәлімдеуінше, әуе шарында барлығы 22 адам болған. Олардың он үші, соның ішінде ұшқыш аман қалған. Із-түссіз жоғалғандар жоқ. Құтқарылған 13 адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.

Айта кетейік, Прая-Гранде қаласы Санта-Катарина штатының оңтүстігінде орналасқан және әуе шарымен серуендеу сынды әуе туризмімен танымал туристік бағыт.

Бразилия Апат Қаза Адам

Тақырыпқа жаңалықтар