Алла Пугачева әлеужелідегі жазбасын іші тар адамдарға арнады
Алла Пугачева әлеужелідегі жазбасын іші тар адамдарға арнады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол Instagram парақшасында «қазіргі жағдайдың кепілі» болған орыс халқын емес, «тап сендерді мен құлдар, малайлар деп атадым» деп жазды.
Ресейлік әншінің айтуынша, бұл тобыр ашықтан ашық жаулар, жетілмей қалғандар, қарапайым халыққа, оның атына айтқан былапыт сөздермен әсер еткісі келіп, өздерінің миға сыймайтын қисынсыз сөздерімен және ашық өтіріктермен Пугачевадан аластатқысы келеді.
Бірақ бұл тобырдың тырысуы мәнсіз де, мағынасыз. Мен өз миссиямды орындадым, мен көптен бері ән айтпаймын, ал менің тағдырымды Құдай басқарады», - деп жазды.Миллиондаған жанкүйерлер маған опасыздық жасамайды, ал мен болсам, жарық күн сәулесінің тасқараңғы қара түнекті жеңіп шығатынына кәміл сенемін. Бостандық — менің басты байлығым. Бостандықты мен барынша қорғаймын және жүрегімдегі бостандығыммен өмір сүремін, жарық — қараңғыны, мейірім — зұлымдықты, ақиқат — өтірікті жеңіп шығатын жеңіс күнін көру бұйырсын деп тілеймін.