Әлем20 қараша 2023, 15:10

Әнші Джамалаға Ресей Федерациясында іздеу жарияланды

Әнші Джамалаға Ресей Федерациясында іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қырым татарларынан шыққан украиналық әнші туралы ақпарат Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің деректер базасында пайда болды.

Mediazona басылымының хабарлауынша, оған Ресей армиясы туралы «жалған» ақпарат таратқаны үшін айып тағылған.

Джамала 2016 жылы «Евровидение» байқауында Қырым татарларының депортациялануы туралы әнімен жеңіске жеткен болатын.

Джамала Ресей Іздеу Әнші

Тақырыпқа жаңалықтар