Армения батыс технологиясымен АЭС сала ма?
Армения батыс технологиялары арқылы атом электр станциясын сала ма? Ереван мен Вашингтон Арменияда америкалық технологияны пайдалана отырып, жаңа энергоблок салу туралы келіссөздер жүргізуде. Мұндай жобаға Оңтүстік Корея да қызығушылық танытуда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Армения үкіметі 2025 жылдың ортасына қарай реактор үлгісі мен жеткізуші елді таңдау мәселесін түпкілікті шешкісі келеді.
Батыс елімен серіктестікте жаңа атом электр станциясын салу электр қуатының тапшылығын болдырмауға көмектесіп қана қоймайды. Армениядағы көпшілік мұны әлі күнге дейін елдің энергетикалық секторында үстемдік етіп отырған Ресейге тәуелділікті азайтуға жасалған қадам деп санайды. КСРО кезінде салынған армян атом электр станциясы 2026 жылға дейін пайдалануға есептелген.
Дегенмен, мамандар оның 2039 жылға дейін созылуы мүмкін деп есептейді. Осы уақытқа дейін елімізде жаңа энергоблок іске қосылуы керек.
Қазір Арменияның атом электр станциясы елдің электр энергиясына деген қажеттілігінің 30 пайыздан астамын қамтамасыз етеді.