Placeholder
Фото: Johanna Geron/AP/picture alliance
picture alliance
Әлем10 қыркүйек 2024, 18:00

Армения мен Еуроодақ визаны либерализациялау бойынша келіссөздерді бастады

Армения мен Еуроодақ визаны либерализациялау бойынша келіссөздерді бастады. Бұған дейін Ереванға Еуропалық комиссияның вице-президенті Маргаритис Схинас келіп, Армения президенті, премьер-министрі және сыртқы істер министрімен кездесті. Келіссөз мақсаты -  Армения азаматтарының ЕО-ға қысқа мерзімді сапарына виза талаптарын жою болып табылады, деді Схинас, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дегенмен, алдымен Армения билігіне жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі, шекаралық бақылау, көші-қон және баспана, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар реформа жүргізуге тура келеді. Бұл оңай міндет емес, бірақ оны шешуге болады», - деп атап өтті ЕО вице-президенті.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Еуроодақпен визасыз режим туралы диалогтың басталуын «маңызды сәт» деп атады.

Ол 2023 жылы Еуропарламентте сөйлеген сөзінде Ереванның Еуропалық Одаққа барынша жақын болуды қалайтынын айтқанын еске салды.

Содан бері, Пашинянның айтуынша, Арменияда елдің ЕО-ға кіру мүмкіндігі туралы талқылау жалғасып жатыр.

либерализациялау Армения Еуроодақ Келіссөз

Тақырыпқа жаңалықтар