Әлем17 қазан 2023, 13:00

Баланың басына дәретке отыратын ыдыс кептеліп қалған

Чехияда кішкентай бала басына дәретке отыратын ыдысты кигізіп, шеше алмай қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Германиямен шекаралас Мимон шағын қалашығында өрт сөндіру қызметі ерекше қоңырауға жауап берді.

Басына дәрет ыдысы (горшок) кептеліп қалған ұлына көмектесу үшін ата-анасы құтқарушыларға жүгінді.

Дереу жеткен құтқарушылар пластмасса ыдысты кесіп, баланың басын босатып берді.

Бала зардап шекпеген.

Әлеуметтік желі қолданушылары ата-аналарды осындай ұсақ-түйекпен құтқарушыларды алаңдатқаны үшін сынға алды.

Дрездендік неміс өрт сөндірушісі Майкл Кларе олардың дұрыс әрекет жасағанына сенімді.

Оның айтуынша, қатты пластиктен жасалған кәстрөл баланың мойнын жарып, жарақаттауы мүмкін.

Сондықтан оны арнайы құралдармен көрген дұрыс.

ФОТО: BILD 

 

Чехия гршок Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар