БҰҰ Бас ассамблеясы Палестинаның толық мүшелігін ұсынады
БҰҰ Бас ассамблеясының 143 мүшесі Палестина билігіне толыққанды мүше мәртебесін беру үшін дауыс берді. Бұл оның тәуелсіз мемлекет ретінде танылуын білдіреді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Тоғыз ел бұл қарарға қарсы шығып, тағы 25 ел қалыс қалды.
Палестиналықтардың БҰҰ-ға мүшелік құқығы туралы мәселе сәуір айында Қауіпсіздік кеңесінің алдына қойылған болатын.
Бірақ АҚШ делегациясы вето қолдану арқылы бастамаға тосқауыл қойды.
«Палестинаның» толыққанды мүшелігі туралы өтініш Қауіпсіздік кеңесіне қайтадан берілсе, америкалық өкілдер оған да вето қоюға ниетті, деп мәлімдеді АҚШ-тың БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің баспасөз хатшысы Нейт Эванс.
БҰҰ-ға мүше 193 елдің 139-ы Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: