Әлем5 қараша 2023, 13:00

БҰҰ Бас хатшысы Израильдің Газадағы жедел жәрдемге жасалған шабуылын сынға алды

БҰҰ Бас хатшысы Израильді Газада жедел жәрдем көлігіне жасалған шабуыл үшін сынға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Антонио Гутерриш Газадағы аурухананың жанындағы жедел жәрдем колоннасының соққыға ұшырағаны және ғимарат сыртындағы көшеге шашылған мәйіттердің түсірілімі туралы хабар сұмдық екенін айтты.

Әңгіме 3 қарашада Газа секторында болған жедел жәрдем көлігін атқылау туралы болып отыр.

Израиль армиясының өкілі бұған дейін Израиль армиясының соққыға қатысқанын растады, бірақ көлікті Хамас лаңкестік тобы содырлар мен қару-жарақ тасымалдау үшін пайдаланғанын және шабуылда бірнеше содырдың қаза тапқанын айтып, бірақ ЦАХАЛ дәлелдеме ұсынбады.

Палестина Қызыл жарты айының мәліметі бойынша, жедел жәрдем көлігінде жарылыстан кемінде 15 адам қаза тапқан.

Жедел жәрдем автоколоннасы екі рет атқыланған. 

Көліктердің ішінде жараланған азаматтар болды. 

Оларды Мысырға кете алатын Рафах бақылау-өткізу пунктіне апармақ болған, деп хабарлады Қызыл жарты ай.

Антонио Гутерриш Газа секторы жедел жәрдем Сын

Тақырыпқа жаңалықтар