БҰҰ: Газа секторына гуманитарлық жүк тиелген 33 жүк көлігі келді
БҰҰ мәлімдеуінше, Газа секторына гуманитарлық жүк тиелген 33 жүк көлігі келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл «21 қазаннан бергі ең үлкен гуманитарлық көмек» деп хабарлады БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы.
Ведомствоның мәліметінше, шиеленіс басталғаннан бері Мысырдан Газа секторына гуманитарлық жүк тиеген 117 жүк көлігі кірген.
Қақтығысқа дейін Газа секторына күніне 500-ге жуық осындай жүк көлігі кіретін.
Бұған дейін ХКК бас прокуроры Кәрім Хан Газа секторы тұрғындарының гуманитарлық көмекке қол жеткізуіне тосқауыл қоюды ескерткен.
«Женева конвенцияларында қарастырылған көмекті жеткізуге кедергі жасау ХҚК юрисдикциясына жататын қылмыстық құқық бұзушылық болуы мүмкін», - деді Хан Рафах шекара бекетіне барғаннан кейін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: