Дания Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаудан бас тартты
Дания парламенті Палестинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаудан бас тартты. Палестинаның тәуелсіздігін тану туралы қарардың қабылдануына 83 депутат қарсы шықты. 21 депутат қолдап, тағы екі парламентарий қалыс қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Дания Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссен тәуелсіз Палестина мемлекетін тану үшін «ешқандай алғышарттар» жоқ екенін айтты.
«Біз бұл қарарды қолдай алмаймыз, бірақ біз мұны жасай алатын күннің келуін қалаймыз», - деп қосты ол.
Бұған дейін Палестинаны Испания, Ирландия және Норвегия тәуелсіз мемлекет ретінде мойындаған болатын. Германия әзірге мұны жоспарлап отырған жоқ деп мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: