Джо Байден Хамасты жою керек деп есептейді
Arbat.media Израиль және Газа секторындағы 16 қазан күнгі жаңалықтарды хабарлайды.
▪️Джо Байден Хамасты жою керек деп есептейді. Ол бұл топты «бейбіт тұрғындардың артына тығылған қорқақтардың шоғыры» деп атады. Сонымен бірге, АҚШ президенті Израиль мен Палестина екі мемлекет ретінде, бірақ ХАМАС-тың қатысуынсыз бірге өмір сүру идеясын қолдайды.
▪️Палестина ұлттық әкімшілігінің жетекшісі Махмуд Аббас ХАМАС Палестина халқының мүддесін қорғамайтынын айтып, Израильде кепілге алынғандарды босатуға шақырды.
▪️Газа секторындағы жерүсті операциясы ауа райына байланысты емес, тұрғындардың эвакуациялануына мүмкіндік беру үшін кейінге шегеріліп отыр, деп хабарлады ЦАХАЛ.
▪️Зымыран Ливан мен Израиль шекарасына жақын орналасқан БҰҰ миссиясының штаб-пәтеріне тиді, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. «Біз оның қайдан шыққанын анықтау үшін жұмыс істеп жатырмыз», - деді миссия.