Әлем5 шілде 2024, 10:18

ЕО Қытайдан келетін электромобильдерге баж салығын көтерді

Еуропалық Одақ Қытайдан келетін электромобильдерге баж салығын көтерді. 5 шілдеден бастап Қытайдан электромобильдер импортына уақытша өтемақы баждары күшіне енеді. Кейбір компаниялар үшін айыппұл мөлшері 37,6 пайызға жетеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Еурокомиссия бұл шешімді Қытайда электр көліктерін шығаратын компаниялар «ЕО өндірушілеріне экономикалық зиян келтіру қаупі бар» үкіметтің «әділетсіз» субсидияларынан пайда көреді деп негіздеді.

Баж салығын арттыру Қытайда ғана емес, Қытайда өнім өндіріп, кейін Еуроодақ елдеріне импорттайтын батыс компанияларына да әсер етеді.

Әңгіме, атап айтқанда, 2023 жылдан бері Қытайда Mini Cooper үлгілерін шығаратын Mini компаниясы туралы. Сондай-ақ жаһандық экспорт үшін Қытайда iX3 жол талғамайтын көлік шығаратын BMW еншілес кәсіпорны туралы.

Импорттық баж салығы туралы соңғы шешім қарашаның соңына дейін қабылдануы тиіс.

Осы уақытқа дейін Қытайдың өндіруші компаниялары айыппұл төлемейді, бірақ ЕО-ға автокөліктерді импорттау кезінде олар тиісті кепілдік салуы керек, деп түсіндіреді AFP.

лектромобиль ЕО Қытай баж салығы

Тақырыпқа жаңалықтар