ЕО Украинадан жұмыртқа мен сұлы импортына баж салығын енгізеді
Еуроодақ елдеріне Украинадан жұмыртқа әкелуге жаңа баж салығы екі апта ішінде күшіне енеді. Еурокомиссия өкілінің айтуынша, жыл сайынғы импорттық квота бұған дейін келісілген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бір күн бұрын украиндық сұлы импорты бойынша да осындай шешім қабылданған болатын.
Шара 2025 жылдың 5 маусымына дейін күшінде болады.
Брюссельдің украиналық тауарларға саудалық жеңілдіктеріне наразылық танытқан Еуропа елдеріндегі фермерлердің наразылық толқынынан кейін ЕО Украинадан кейбір ауылшаруашылық өнімдерінің импортына шектеу қойды.
Сонымен бірге мамыр айында ЕО Кеңесі кейбір ескертпелермен Украинамен бажсыз сауда режимін тағы бір жылға ұзартты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: