Еуропалық комиссия ЕО тарихындағы алғашқы қорғаныс өнеркәсібі стратегиясын ұсынды
Еуропалық комиссия ЕО тарихындағы алғашқы қорғаныс өнеркәсібі стратегиясын ұсынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол нені меңзейді?
◾️Қорғаныс өнеркәсібіне 1,5 млрд еуро бөлу.
◾️ЕО елдерінің ұжымдық қорғанысқа жұмсайтын шығындарын ұлғайту.
2030 жылға дейін ЕО елдері қорғаныс бюджетінің кем дегенде 50%-ын ЕО ішіндегі сатып алуға жұмсауы керек, ал 2035 жылға қарай бұл үлес 60%-ға дейін артуы тиіс.
◾️Бағдарлама ЕО елдерін 2030 жылға қарай қорғаныстық сатып алулардың кем дегенде 40%-ын ұжымдық негізде жасауға шақырады.
Еуропалық комиссияның мәлімдемесінде: «Еуропалық қорғаныс өнеркәсібінің дайындығын жақсарту үшін мүше мемлекеттер бірге және еуропалық жолмен көбірек, жақсырақ инвестициялауы керек», - делінген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: