Еуропалық комиссия Украина мен Молдованың ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерге дайындалуда
Еуропалық комиссия Украина мен Молдованың ЕО-ға қосылуы бойынша келіссөздерге дайындалуда, екі елдің заңнамасын тексеру басталды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен келіссөздер ресми басталғанға дейін Украина мен Молдова заңдарының Еуропалық Одақтың құқықтық нормаларына сәйкестігі тексерілетінін айтты.
Украина премьер-министрі Дмитрий Шмыгальдың айтуынша, 2023 жылы скринингке дайындалу үшін Киев Еуроодақтың 28 мыңға жуық құқықтық актілеріне алдын ала талдау жүргізген.
Еуропалық кеңес 14 желтоқсанда Брюссельде Украина мен Молдованың Еуроодаққа қосылуы туралы келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдаған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: