Әлем22 қазан 2023, 14:00

Газа секторына алғашқы гуманитарлық көмек келді

Газа секторына Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы алғашқы гуманитарлық көмек кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мысырдан секторға дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтар мен азық-түлік тиелген жиырмаға жуық жүк көлігі кірді, Бақылау бекеті жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де ашылды, деп жазады The Jerusalem Post.

АҚШ-тың Израильдегі елшілігінің хабарлауынша, шетелдік азаматтар Газа секторынан ашық өткізу пункті арқылы шыға алады.

Израильдік Yedioth Ahronoth басылымының хабарлауынша, Рафах сағат 16.00-де қайтадан жабылуы мүмкін.

CNN бұған дейін Мысыр президенті Абдель-Фаттах ас-Сиси мен АҚШ президенті Джо Байденнің Газа секторына гуманитарлық жүк жөнелту туралы келісімге келгенін, егер олар кешіктірілсе немесе Хамас лаңкестік ұйымының содырлары тәркіленсе, жеткізілім дереу тоқтатылатынын баса айтқан болатын.

Газа секторы гуманитарлық көмек

Тақырыпқа жаңалықтар